6 Ақпан 2026, 19:00
Фото: скриншот/aa.com.tr
Мешітте жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты
Исламабадта мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болып, кемінде 31 адам қаза тауып, 169-дан астам адам жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Исламабадта мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болып, кемінде 31 адам қаза тауып, 169-дан астам адам жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Dawn газеті жазғандай, жарылыс Şehzad Town ауданындағы İmam Bargah мешітінде болды. Оқиға жұма намазы оқылып жатқан кезде орын алды.
Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді.
Төтенше қызмет пен полиция қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып, мешіт айналасындағы аумақты тексеріп жатыр.
Пәкістан Президенті Әсиф Али Зәрдаридің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады.
Зәрдаридің айтуынша, ол қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты және бейбіт азаматтарға жасалған шабуылды "адамзатқа қарсы қылмыс" деп атады.
- Референдумда ардагерлер де қалыс қалған жоқ 15:55
- Ресейлік байқаушы: Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған 15:52
- ШЫҰ миссиясы: Қазақстандағы референдум халықаралық стандарттарға сай өтіп жатыр 15:47
- ТҮРКПА: Референдумда заңбұзушылықтар тіркелген жоқ 15:42
- Шетелдік байқаушы референдумға жастар белсенді қатысып жатқанын айтты 15:36
- «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Бекдайыр әулеті өнері мен азаматтығы арқылы үлгі көрсетті 15:30
- Адал дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған – Өзбекстан ОСК төрағасы 15:30