31 Наурыз 2025 2025, 22:17
Фото: Central Asia media
Мешітте намаз кезінде жарылыс болды: Қаза тапқандар бар
Өзбекстанның шығысында орналасқан Әндіжан облысындағы мешіттержің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өзбекстанның шығысында орналасқан Әндіжан облысындағы мешіттержің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, мешітте газ-ауа қоспасы жарылған.
Өңірдің ТЖД басшылығы мен қызметкерлері оқиға орнына келіп, жағдайды толықтай бақылауға алғаны айтылды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқыс оқиғадан үш адам қаза тапқан. Сондай-ақ 6 адам дене жарақатын алған.