Мешітте 140 оқушыға мектеп құралдары тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу-құралдары тапсырылды. Мешіт тізіміндегі бұл отбасылардың балғындары оқу жылын су жаңа құралдармен бастамақ.
Биыл 1-7 сыныптарда оқитын 140 оқушыға көмек көрсетіп отырмыз. Оқушыларға қажетті сөмке, дәптер, қаламсап, түрлі-түсті бояулар алынып, сақтық шараларын сақтай отырып таратылды. Негізінен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары таңдап алынды. Басты мақсат – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жанашыр болып, білімге құштар өрендерге жақсы көңіл-күй сыйлау, – дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.
Айта кетейік, Ақтау мешіті тізімінде 500-ден астам тұрмысы төмен отбасы тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 36 градус ыстық болады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы