Мешітке намазға келген жас жігіт iPhone телефонын ұрлап кеткен
Астанада 18 жасар жас жігіт кешкі намаз уақытында мешіттен «iPhone 13рro max» ұялы телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары күдіктіні өп ұзамай қолға түсірген.
Тергеу барысында жас жігіт мешіттердің бірінде жәбірленушінің назары басқа жақта болған сәтті пайдаланып, ұялы телефонды жасырын ұрлап алғаны анықталған. Содан ол мешіттен шығып кеткен. Келтірілген шығын 700 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті бұрын сотты болған. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі таңда жас жігіттің елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысында жарты тоннаға жуық балық қырылды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталу керек
Өзгелердің жаңалығы