Мерзімінен бұрын Парламент сайлауы өте ме?

Сенат кулуарында бұл сұраққа Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен бұл тақырып жиі көтеріліп жатыр деп айта алмаймын. Бәлкім, бәзбіреулер бұл ақпаратты таратып жатқан шығар. Біз өте көп заңдарды қарастырып жатырмыз. Сондықтан да мерзімінен бұрын сайлау өтеді деуге еш негіз жоқ, - деді ол.

Сенат төрағасының айтуынша, қазіргі таңда Парламент, оның ішінде Сенат заңнамалық күн тәртібіне сәйкес тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір телеграм-арналарда күзде кезектен тыс сайлау өтеді деген бейресми ақпараттар тараған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы