Мерц Женевадағы Украина келіссөздерін "өте қиын" деп бағалады

Германия канцлері Фридрих Мерц Женевадағы Украина мәселесі бойынша келіссөздерді «өте қиын» деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ол ProSieben және Sat1 телеарналарына берген сұхбатында бітімге тезірек жету үшін уақыт тапшылығы жағдайында позицияларды үйлестіру қажет екенін айтты.

Мерц атысты тоқтату режимі туралы келісім Ресеймен диалогты бастауға мүмкіндік беретінін атап өтті. DPA агенттігінің деректері бойынша, АҚШ Украина өкілдеріне айтарлықтай қысым көрсетіп отыр.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келіссөз барысында американдық және украиндық делегациялар қақтығысты реттеу жоспарын талқылап, оны пысықтауға кіріскенін хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AP Photo/ Ebrahim Noroozi
Өзгелердің жаңалығы