21 Шілде 2026, 07:48 Фото: Temilade Adelaja / Reuters

Мерц пен Бернэм Украинаға қолдауды жалғастыруға келісті

Тараптар Германия мен Ұлыбритания арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға және Кенсингтон келісімін жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді.

Германия канцлері Фридрих Мерц пен Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Энди Бернэм телефон арқылы сөйлесіп, Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруға келісті. Бұл туралы Германия үкіметінің ресми өкілі Штефан Корнелиус мәлімдеді.

Әңгіме барысында Мерц Бернэмді Ұлыбритания премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтап, екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылады.

Тараптар Германия мен Ұлыбритания арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға және Кенсингтон келісімін жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді.

Сондай-ақ көшбасшылар Украинаға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыру жөнінде ортақ ұстанымдарын растады.

Еске салайық, 20 шілдеде Энди Бернэм Ұлыбританияның премьер-министрі қызметіне ресми түрде кірісіп, Король Чарльз III-тен үкімет құру мандатын алған болатын. Бұған дейін мемлекет басшысы Кир Стармердің отставкасын қабылдаған.