Меркідегі орман өрті 1750 га аумақты шарпыды

Жамбыл облысы әкімдігі Меркідегі ауқымды өртке қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жылдың 5 маусым күні сағат 02.00-дегі жағдай бойынша “Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" Сарықоба орманшылығының аумағындағы өрт көлемі 1750 га жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өрт сөндіруге жұмылдырылған күштерді үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ТЖ департаментінің басшысы А.Тоқанов, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Егембердиев оқиға орнына шықты.

Кеше (04.06) сағат 16-20 шамасында Жамбыл облысының "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ Сарықоба орманшылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталардың өртенуі орын алған болатын.

Барлығы 244 адам және 50 бірлік техника тартылды, оның ішінде: жергілікті жерде орман шаруашылығы қызметкерлерінен 100 адам және 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автомобиль, Қазавиаақорғаудың 1 тікұшағы және 6 қызметкері жұмыс істеуде. Сондай-ақ ТЖД жеке құрамының 84 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қосымша, орман шаруашылығынан 31 адам және 6 жеңіл автокөлік және жергілікті атқарушы органдардан 26 адам 10 бірлік техникасы оқиға орнына шықты, - делінген әкімдік хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы