Меркіде бірде-бір жетім балаға баспана берілмеген

Жамбыл облысының прокурорлары жетім балалардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Меркі ауданының прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Уәкілетті орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға бірінші кезектегі құқығы бар тұлғалар арасында тұрғын үйлерді бөлу кезінде заңнаманы бұзуға жол бергені анықталды.

Мәселен, 2022 жылы аудан әкімдігі тұрғын үй қорынан 20 пәтер сатып алғанымен, бірде-бір жетім балаға баспана бермеген. Осылайша, жетім балалар мемлекет кепілдік берген кезекке тұру құқығынан және баспана алу мүмкіндігінен айырылды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 3 бала тұрғын үй кезегіне қойылды, 4 балаға құқықтық құжаттарды рәсімдей отырып, тұрғын үй қорынан пәтер берілді, - делінген Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы