«Меркі-Бурылбайтал» автомобиль жолының бірқатар бөлігінде негізгі жұмыс аяқталды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Меркі-Бурылбайтал» автомобиль жолының 7-273 шақырым аралығында учаскесін қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді.
Жоба аясында 20 көпір мен суқұбырлар соғылып, 281 су өткізгіш нысан орнатылып, сондай-ақ демалыс алаңдарында 3 санитарлық-гигиеналық торап абаттандырылды.
«Меркі-Бурылбайтал» қайта жаңарту жобасында 2 192 мың тонна асфальтбетон төселіп, 1020 адам мен 591 бірлік техника жұмылдырылды.
Келесі учаскелер кезең-кезеңмен аяқталып, қолданысқа берілді:
- «Шу-Хантау» (126-189 км) ұзындығы 62 шақырым, ІІ санат;
- «Хантау – Бұрылбайтал» (189-273 км) ұзындығы 81 шақырым, II санат;
- «Шу қ. айналма жолы» (90-126 км) ұзындығы 36 шақырым (4 шақырым Іб санатта, 32 шақырым ІІ санатта);
- «Меркі-Шу» (7-90 км) ұзындығы 82 шақырым, Іб санат, - деп жазылған хабарламада.
Жаңа асфальтбетон жабынымен жолдың барлық ұзындығында көліктерге қозғалыс қамтамасыз етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«ҚазАвтоЖол». Еліміздің үш облысында жол ашылды
Өзгелердің жаңалығы