Меркельдің әрекеті Германия тұрғындарын таңғалдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның экс-канцлері Ангела Меркель үкімет басшысы қызметінен кеткеннен кейін "ұйқымды қандырамын" дегеніне қарамастан, зейнеткерліктің бірінші күні үйінен таңертең шығып кеткен. 

Бұл туралы Bild таблоид басылымы жазды, деп хабарлайды РИА Новости.  

Ақпарат бойынша, сағат 08:20-да Меркель кептелістерге қарамастан Унтер ден Линден көшесіндегі бундестагтағы жаңа кеңсесіне барған.

Кейінірек ол супермаркетке барады. Дүкенде экс-канцлер күзетшімен болса да, арбаны өзі сүйреп жүрді.

БАҚ мәліметінше, Меркельдің ендігі кеңсесі бұрынға канцлер Гельмут Коль қызметінен кеткенде барған жерде болады. Сондай-ақ мұнда кезінде ГДР білім министрі Маргот Хонеккердің резиденциясы болған. 

Германияның жаңа канцлері болып социал-демократ Олаф Шольц сайланды. 

Айта кетейік, Меркель бұл қызметті 2005 жылдан бастап 16 жыл атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы