Ангела Меркель бесінші рет канцлер болудан бас тартатынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ангела Меркель ГФР канцлері сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ол бұған дейін де бірнеше рет 2021 жылдан кейін саяси карьерасын жалғастырмайтынын мәлімдеген болатын. 

Таяуда Меркельден журналистер коронавирусқа байланысты кризис кезінде оның "жауапты екенін" айтып, келесі сайлауда канцлер қызметіне өз кандидатурасын ұсынатын не ұсынбайтынын сұраған. Сонда Ангела ханым: 

Жоқ. Жоқ. Шынымен жоқ. Бұл анық, - деп жауап берді. 

2005 жылдан бері ГФР канцлері қызметін атқарып келе жатқан Меркель 17 шілдеде 66 жасқа толады. 

 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы