Меркельдің ізін жалғастыратын адам тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда «Христиандық-демократиялық одақ» билеуші партиясының жаңа лидері таңдалды.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Христиандық-демократиялық одақ» партиясының жаңа төрағасы болып Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерінің Премьер-министрі Армин Лашет тағайындалды, - делінген хабарламада.
2020 жылдың 31 желтоқсанында Германия канцлері Ангела Меркель жаңа жылдық үндеуінде алдағы сайлауда өз кандидатурасын ұсынбайтынын жеткізген болатын. Ол 15 жыл канцлер қызметі кезеңіндегі ең қиын жыл - 2020 жыл болғанын атап өтті. Оған себеп коронавирус пандемиясы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19: Қытай бес күнде госпиталь тұрғызды
Келесі жаңалық
Ақтаудың көшелеріне 19 мың шаршы метр асфальт төселді
Өзгелердің жаңалығы