Меркель бір айдың ішінде үшінші рет дірілдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ангела Меркель бір айдың ішінде халықтың көзінше үшінші рет дірілдеді. Бұл жолы Германия канцлері Берлинде Финляндия премьер-министрі Антти Риннемен кездесу кезінде өзін қолайсыз сезінді, деп хабарлайды euronews.com.
Шамамен осыдан екі апта бұрын Меркельдің Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қабылдауында болған кезінде денесі дірілдеген болатын.Президент ресми түрде сөйлеп жатқан кезде канцлердің екі минутқа созылған денесінің дірілін тоқтатуға тырысқаны көрініп қалды.
Алғаш рет ГФР министрлер қабинетінің басшысы 18 маусымда Украина президенті Владимир Зеленскийді қабылдап жатқан кезінде дірілдегені камераға түсіп қалған болатын. Ұлттық әнұрандар орындалып жатқан кезде Меркель қатты дірілдей бастады. Оның айналасындағылар бұны аңғарғанымен, хаттаманы бұзып алу қаупінен оған жақындай алмаған секілді.
Министрлер кабинетінің өкілдері екі жағдайды да көріп, канцлердің денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді. Баспасөз беттерінде оған шаршау, күйзеліс немесе денсаулығының нашарлауы себеп болу мүмкін деген болжамдар айтылды.