«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық (қалалық) кезең, екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссиялар 2022 жылғы 15 маусымға дейін қабылдайды.
Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан әскерилері Түркияда оқу-жаттығуын өткізіп жатыр
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы