Шымкентте "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімдігі "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді аудан әкімдіктерінде кабылдау басталғаны туралы хабарлады.

"Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру бағытталған", - делінген таратылған ақпартта. 

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері жіберіледі.
Конкурсты өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімдігінің сайтынан және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарынан танысуға болады. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2019 жылғы 13 мамырға дейін Шымкент қаласының аудан әкімдіктерінде қабылданады. 

Байланыс телефондары: Абай ауданы - 77-09-13, Әл-Фараби ауданы - 54-07-92, Еңбекші ауданы - 53-27-41, Қаратау ауданы - 77-45-96.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы