«Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Бүгін 7-арнаның шақыруымен «Оян, Қазақстан» таңғы бағдарламасына қатысып қайттым. Біздің елімізде жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні мерекесі. Осыған орай, бағдарлама барысында тақырыпқа сай еліміздегі отбасы құндылығы жайында әңгімелестік,- деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бүгін сонымен қатар, «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. 


 

Бұл 2014 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан жалпыхалықтық отбасылар байқауы. Бұл конкурсқа деген халықтың қызығушылығы өте жоғары. Жоба басталғаннан бері 18 мыңнан астам отбасы осы байқауға қатысқан екен. Биылдың өзінде 3000-ға жуық өтініш түсті. Сондай-ақ, биылғы жылдың ерекшелігі – облыс бойынша жеңімпаз болған барлық 17 отбасы республикалық конкурстың лауреаттары атанады. Жалпы қоғамға үлгі болып, түрлі жетістіктерге жетіп, ұрпақ тәрбиесінде өнеге көрсете білген отбасылардың қай-қайсысы да мақтау мен марапатқа лайық. Бүгінгі таңғы бағдарлама барысында айтылғандай – мықты мемелекетті – мықты отбасы институты қалыптастырады. Сондықтан біз өнегелі отбасылық тәрбиенің ұрпақ өсірудегі маңызы мен рөлін үнемі естен шығармауымыз қажет. Үлгілі отбасылар – қоғамның тірегі, мемлекеттің өзегі. Еліміз аман, заманымыз тыныш болып, қоғамда озық отбасыларымыздың қатары арта берсін, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы