"Мерейлі отбасы" конкурсына Ұлытаудан Доспановтар отбасы қатысып жатыр

Доспановтар отбасы Ұлытау облысы атынан "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Доспановтар отбасы 11 бала, 29 немере, 26 шөбере тәрбиелеп, 1 шөпшек сүйіп отырған отырған үлкен әулет.

Доспановтар отбасы – «Қазақмыс» копорациясының құрылымында бірүйлі жанның бір салада еңбек ету үрдісін жалғастырып келе жатқан  дәстүрге бай әулет. Бұл әулеттің өндірістегі  жалпы еңбек өтілі 400 жылдан асады.

Әулет басы — Қойшыбек атамыз - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген металлургі, КСРО Құрметті металлургі, Октябрь революциясы және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері.

Әке өнегесін жалғастырған балалары да айтарлықтай абырой-беделге жетіп, металлургтер әулетінің мерейін көтеріп келеді. Ұлы Доспанов Абдрашит мыс зауытының бетке ұстар металлургтерінің бірі. 40 жыл жұмыс өтілі бар.  І,ІІ,ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы медалінің иегері,  ең алғашқы мыс зауытындағы «Еңбек даңқы кавалері» атағына ие болған алғашқы металлург.

Ат тұяғын тай басар дегендей Абдрашиттің бастамасын бауырлары да құп көріп, қазіргі уақытта өндірісте Доспановтар әулетінен 10 адам еңбек етуде.   Дәстүр жалғастығы, отбасы бірлігі бар Доспановтар отбасы жас отбасыларға үлге етер әулет екені сөзсіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы