3 Қазан 2026, 10:46 Фото: ҚР ҰОК/Никита Басов

Мерей Қабдуллаев 2026 жылғы Азия ойындарында джиу-джитсудан күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы 85 келіге дейінгі салмақта екінші орын алды. Мариан Журавлева да жарыс жүлдегерлерінің қатарынан көрінді.

Қазақстандық Мерей Қабдуллаев 2026 жылғы Азия ойындарында джиу-джитсудан күміс медаль иеленді. 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Надомен белдесіп, қарсыласына жол берді.

Қазақстан қоржынына тағы бір медальді Мариан Журавлева салды. Ол джиу-джитсудан қола жүлде жеңіп алды.