19 Қазан 2026, 07:49 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Мерей Базарбаев еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

Отандасымыз еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда ол түркиялық Бекир Кесерді жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Мерей Базарбаев жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласынан басым түсті. Ол ширек финалға дейін америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен ұтты. Кейін франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен жеңіп, жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, қазақстандық балуан әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.