23 Қазан 2026, 11:48 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Мерекеге орай ақша беріледі: Қай өңірдің тұрғындары алатыны белгілі болды

Қызылорда облысында 25 қазан – Республика күніне орай мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедектігі бар балаларға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. 2026 жылы бұл төлемді 34 120 адамға беру жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының редакциямызға берген ресми мәліметінше, әр азаматқа 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 12 975 теңге төленеді. Бұл сома 2026 жылғы 4 325 теңге көлеміндегі АЕК негізінде есептелген.

Біржолғы әлеуметтік көмекті төлеуге 2026 жылғы жергілікті бюджеттен 426 млн 363,5 мың теңге бөлінген. Ал 2027 жылға осы мақсатта 485 млн 842 мың теңге қарастыру жоспарланған.

Басқарма мәліметінше, мерекеге орай берілетін әлеуметтік көмек Қызылорда қаласы мен аудандық мәслихаттардың шешімдері негізінде жүзеге асырылады. Бұл шешімдер Үкіметтің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына сәйкес қабылданған.

Сонымен қатар Республика күніне орай өзге санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек қарастырылмаған.

Тағы оқи отырыңыз: Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі?