Мереке Құлкенов: Тіл мәселесін Конституциядан бұрын халықтың өзі шешуі керек
Қазіргі қоғамда ең көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі – жаңа Конституциялық реформа. Арнайы құрылған комиссия Ата Заңның 77-бабына өзгеріс енгізіліп, мәтіннің 84 пайызы қайта қаралғанын хабарлады. Жаңа заң жобасында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деген норма өзгеріссіз қалды. Алайда кейбір қоғам белсенділері жаңа жобада бұл бапқа өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. Осыған байланысты Жазушылар одағының төрағасы әрі Конституциялық комиссияның мүшесі Мереке Құлкенов Ата Заңның жаңа жобасындағы тілге қатысты қоғамда айтылып жатқан сын-пікірлерге қатысты өз көзқарасын білдірді.
Біздің Алаш зиялылары шетелде оқыса да, өз тілін ұмытқан жоқ. Қазіргі ұрпақ та солай болуы керек. Бүгінде елдегі қазақтардың үлесі 80 пайызға жуықтады. Алайда сол үлестің ішінде өзге тілде сөйлейтін қазақтар бар. Ең алдымен осы мәселені қалай шешеміз деген сұраққа жауап іздеуіміз қажет. Бұл Конституцияның емес, халықтың өз міндеті, - деді ол.
Сондай-ақ Мереке Құлкенов Конституцияның жаңа заң жобасы екі тілде әзірленіп жатқанын атап өтті.
Ең бастысы – бұл болашағымыздың, ертеңгі ұрпағымыздың кепілі болатын Конституция болғалы тұр. Жаңа Ата Заңда жерге, тілге қатысты мәселелер қамтылып, шығармашылық ортаға ешқандай цензура қоймай, еркіндік беруге мүмкіндік жасалып отыр, - деді Жазушылар одағының төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы