Мереке күндеріне орай қосымша пойыздар жүреді

Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында бірнеше бағытқа қосымша пойыз жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

- Нұр-Сұлтан-1-Шымкент бағытында: 2023 жылдың 15, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1 қаңтарында елордадан 3 пойыз қатынайды.

Ал Шымкенттен - биыл 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтарында пойыз жүреді.

- Нұрлы жол-Алматы-2 бағытында: 2023 жылдың 15, 28, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында Нұрлы жол вокзалынан 5 пойыз жүреді.

Ал Алматы-2 вокзалынан - 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылдың 2, 3 қаңтарында пойыздар қатынайды.

Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондардан тұрады. Сондай-ақ, №7510/7509 Электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады.

Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта - биылғы жылдың 18 желтоқсанында және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді.

Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: 24.kz
Өзгелердің жаңалығы