Мереке күндері «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті жұмыс істемейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 21-23 наурыз күндері жұмыс істемейді. Шектеулер Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамының тойлануымен байланысты, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, сол күндері азаматтар, көлік құралдары және жүк Мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді.
Министрлік тасымалдаушылардан және шекарадан өтуді ойлаған барлық азаматтарға шектеу шараларын ескере отырып, өз бағдарларын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы