Мереке күндері ауа райы қандай болады

Астана, BAQ.KZ. Еліміз бойынша ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, түнде және таңғы уақытта тұман болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Алдағы демалыс және мейрам күндері Қазақстан территориясы бойынша ауа райын тез алмасатын көктемгі атмосфералық ағымдар анықтайды. Еліміздің солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар, боран, күшті батыс желі және көктайғақ күтілуде.

Ал, оңтүстік аудандардың кей жерлерінде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр түрінде болжануда. Республика бойынша ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, түнде және таңғы уақытта тұман болады деп болжануда.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы