Менен әлем чемпионатының 5-алтынын тартып алды – Ла Круз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төрт дүркін әлем чемпионы және Рио-2016 олипиадасының жеңімпазы кубалық Хулио Сесар Ла Круз OnCubaNews.com-ға берген сұхбатында әлем чемпионатында отандасымыз Бекзат Нұрдәулетовтен жеңілгенімен келіспейтінін айтты. Бұл туралы Vesti.kz. сайты жазды.

81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов кубалықты судьялардың шешімімен жеңген болатын. Екінші раундта ол Ла Крузды нокдаунға жіберген еді.

«Бұл әділетсіз шешім. Мен бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен едім. Менен әлем чемпионатының 5-ші алтынын тартып алды. Мен бапкерімнің барлық айтқанын істедім. Жеңілген жоқпын. Өте өкінішті. Өкінішке қарай спортта жеңіліс те болады. Қарсыласым жас, деңгейі де жақсы, оның потенциалы жоғары», - деді Ла Круз.

Естеріңізге сала кетейік, бокстан Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында жартылай финалда Бекзат төрт дүркін әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы Хулио Сезар Ла Крузды ұтқан болатын. 

Сонымен қатар, финалда өзбекстандық Ділшодбек Рузметовпен кездескен Бекзат қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы