Менің жекпе-жегіме ұтыс тікпеңіздер – Жәнібек Әлімханұлы
14 мамыр күні әлем бойынша WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Стивен Батлермен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ережесіз жекпе-жек шебері әлеуметтік желіде өз ойынына ұтыс тікпеуге шақырды.
Жігіттер, бауырлар! Жекпе-жегіме ұтыс тікпеулеріңізді сұраймын. Ұтыс тігу дегенің − қарыз алу, алдау, босқа үміттену, мал мүлкіңнен айырылу. Оның соңы − отбасының берекесін құрту және ажырасу. Сіздер маған жанкүйерсіздер. Мен де өз жанкүйерлерімнің бақытты отбасы болуына жанкүйермін. Жақсылықта, жеңісте жүздесейік! – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұялы телефон жиі ұрланатын өңірлер анықталды
Өзгелердің жаңалығы