«Менің туым. Менің Отаным!»: Қарағанды облысы да челленджге қолдау көрсетті

Алматы, BAQ.KZ. Қарағанды облысы да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Менің туым. Менің Отаным!» челленджіне қолдау көрсетті.

Бүгін Қарағандыда Қазақстан туын тұрғын үйлердің терезелері мен балкондарына орната отырып «Менің туым. Менің Отаным!» челленджі өтті. Сағат 10.00-де Қарағанды қаласы «Менің туым. Менің Отаным!» челленджіне бастау берді. Аталған челленджді Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Шахтинск қалалары жалғастырды.

Қаладағы «Қарағанды» қонақ үйінің балконына 20 жуық ту ілініп, жастар жалаушаларды алып атаулы челленджді Балқаш қаласына жолдады.

Қарағанды қаласында сыртқы безендіру жұмыстары бойынша 35 баннер, 20 керме, 200 жалауша және барлық сауда орталығында 10-ға тарта ту орнатылған.

17-18 желтоқан күндері де қалған қалалар мен аудандарда аталған челлендж жалғасын таппақ.

Сонымен қатар «Табысқа бастайтын жол» онлайн-челленджі, «Менің туған өлкем. Өркендеу мен табыс серпіні» онлайн марафоны өтуде. Сонымен қатар өңірлердің дамуына арналған бейнероликтер мен Тәуелсіздікті құруға елеулі үлес қосқан көрнекі қазақстандықтар, еңбек ардагерлері, жастар өкілдерінің бейне құттықтаулары әлеуметтік желіде жарияланған.

Жалпы Қарағанды облысы бойынша сыртқы безендіру жұмыстары бойынша 120 баннер, 100 керме, 500 жалауша және барлық сауда орталығында 50-ге тарта ту орнатылыпты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы