«Менің отаным – Қазақстан»: Оқушылар мәнерлеп оқудан жарысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің отаным – Қазақстан» атты мәнерлеп оқудан оқушылар арасында байқау өтті.

Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметі мәлім етті.


Бүгін, яғни ағымдағы жылғы 9 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен астаналық Достық үйінде «Менің Отаным - Қазақстан» атты мәнерлеп оқудан оқушылар арасында байқау өтті.

Байқау 6 жастан 16 жасқа дейінгі жас санатындағы дүнген балалары арасында қазақ тілінің қолдану аясын күшейту үшін өткізілді және Отанға – Қазақстан Республикасына арналды. Байқаудың ұйымдастырушысы – «Юнчи» дүнген этномәдени орталығы.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары И. Буларов, А. Хамедов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Е. Үйсімбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері және т.б. қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы