«Менің елім – Қазақстан» патриоттық әндер фестивалі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония залында «Менің елім – Қазақстан» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы патриоттық әндер фестивалі өтті. 

«Мемлекеттік қызметші​ – елдің мүддесі үшін өз күшін, уақытын аямай еңбек ететін тұлға. Міне, мемлекеттік қызметшілердің төл мерекесі де жақындады. Осы орайда, облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында патриоттық әндер фестивалін ұйымдастырып отырмыз. Барлық қатысушылардың жақсы дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Олардың арасында екі дуэт, бір трио да бар. Және айта кететіні, бұл шараға шалғай аудандардың мемлекеттік қызметшілеріде қатысып отыр», - деді өз сұхбатында Департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов. 

Аталған шарада барлығы 14 қатысушы бақ сынады. Барлық қатысушылардың әндері отан, туған​ жер, атамекен тақырыптарына арналды.

Фестивальдің әділ төрелігін көрсететін қазылар алқасыда құрылды.​ Қазылар алқасының шешімімен, байқау қорытындысы бойынша Махамбет аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев III орынмен, Атырау облысы әкімі аппаратынан құралған дуэт II орынмен, Атырау облысы Статистика департаменті қызметкерлерінен құралған дуэт​ I орынмен марапатталса, қалған қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы