"Менің бауырым" волонтерлік жобасына 20 жоғары оқу орны мен колледж қатысады
Жаңа оқу жылында Алматы қаласының, сондай-ақ Жетісу мен Алматы облыстарының орта білім беру ұйымдарында «Менің бауырым» волонтерлік жобасын жүзеге асыру жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жобаға 20 ЖОО мен колледждерден 2000-ға жуық ерікті студент қатысуда.
Студенттер оқу, IT және қаржылық сауаттылығын дамытуға, STEAM дағдыларын, бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады. Сондай-ақ төтенше және шұғыл жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге басымдық беріледі, - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.
Айта кетейік, «Менің бауырым» жобасы өткен жылдың қараша айында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен жасөспірімдерге түрлі қызмет салалары туралы ақпарат ұсына отырып, болашақ кәсібін анықтауға көмектесу мақсатында іске қосылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жылу маусымы. 1800-ден астам тұрғын үй дайын
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы