"Менің бауырым өлді, ал сен күліп отырсың": Шерзат сотында эмоцияға толы беттестіру сәті көрсетілді

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот процесі жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыс барысында сотталушы Дидар Қалиахмет пен жәбірленуші марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың беттестіру видеосы көрсетілді.

Беттестіру барысында Нұрқанат Ғайыпбаевтың адвокаты тергеушіге ескерту жасау туралы өтініш жасайды.

Тергеуші, сотталушыға ескерту жасауыңызды өтінемін. Бағанадан бері күліп отыр. Жауап берсе, күледі, - дейді адвокат.

Бұған тергеуші:

Бөгет жасамаңыз. Күле ме, жылай ма – оның құқығы, - деп жауап береді.

Бұған Нұрқанат Ғайыпбаев та эмоционалды түрде үн қатқан.

Менің бауырым өлді. Сонда күліп отыру керек пе? – дейді ол Қалиахметке қарата.

Сен өтірік айтып отырсың.

Күліп отырғаны несі? Мойындасаңшы! – деді Нұрғанат.

Тергеушілер мен адвокаттар тараптарды сабырға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы Сот
Өзгелердің жаңалығы