"Менің атым Қожа" қойылымында ойнаған актриса өмірден өтті

"Менің атым Қожа" қойылымында Жанардың рөлімен танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден озды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі естіртті.

Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, – делінген хабарламада.

Күләш Қажығалиева ҚР Еңбек сіңірген артисі, "Ерен еңбегі үшін" және "Еңбек ардагері" медальдерінің иегері.

Ол 1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған артист Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа" – Жанар , "Қызыл сұңқарлар" – Маруар , Иран-Ғайып "Қорқыттың көрі" – Қамқа шеше, Шыңғыс Айтматов "Ыстықкөл трагедиясы" – Кемпір, "Ақ кеме" – Кемпір, С.Балғабаев "Қыз жиырмаға  толғанда" – Ғани,  Ә.Тарази "Жақсы кісі"-Балзия, О.Бөкей "Атау-Кере" – Марфа, "Ауылдан келген ару" – Сәндігүл, С.Балғабаев "Ең алғашқы Жаңа жыл" – Әже, А.П.Чехов "Шағала" – Полина Андреевна және тағы басқа рөлдерді сәтті сомдаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Өзгелердің жаңалығы