"Менің Алтайым": Қытайда қазақтардың тұрмысын көрсететін сериал шықты
Қытайда қазақтар туралы сериал түсірілді. Бүгінде туынды көрші елде танымал бола түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
kaz.people.cn-нің хабарлауынша, 8 сериядан тұратын «Менің Алтайым» телехикаясы Қытайдың Орталық телеарнасының CCTV-1 арнасында прайм-таймда көрсетіліп, қаралым бойынша рейтинг кезеңінде бірінші орынға шыққан.
«Менің Алтайым» шығармасын 2010 жылы танымал жазушы Ли Цзуань жазған. Телехикаяда Алтайда шағын дүкен ашқан Хань қызы Ли Вэньсю мен оның жанұясының жергілікті қазақ малшыларымен байланысы, арақатынасы туралы баяндалады.
Ли Вэньсиу Алтайда дүниеге келген, бірақ ол үлкен қаланы және жазушы болуды армандайды. Алайда қиындықтарға кезіккен қыз үйіне қайтып, дүкен басқаратын анасына көмектесе бастайды. Кейін Вэньсю Батай есімді қазақ жігітімен танысып, бірте-бірте туған жерінің сұлулығын көре бастайды.
Телесериал Шыңжаңның Алтай аймағында түсірілген және ондағы көркем пейзаждар туындының бірегей белгісіне айналды. Кинодағы көркем табиғат көріністері, бай және қайталанбас халық мәдениеті, қарапайым және өмір философиясы көптеген көрерменді өзіне баурады, сонымен қатар желі қолданушыларының назарын Алтайға аударды.
Алтай аймағы Алтай тауларының оңтүстік етегінде, Жоңғар ойпатының солтүстік шетінде орналасқан, Ресеймен, Қазақстанмен, Моңғолиямен шектеседі.
“Менің Алтайым” сериалының әлемдік тұсаукесері 7 сәуірде Канн қаласында өтті, фильм басқа 7 сериалмен негізгі байқауда 5 жүлдеге таласты.