"Мен туралы деректерді тексерді". Министр қалай келіссөз жүргізгенін айтты

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге берген сұхбатында осылай деді, деп жазады BAQ.KZ.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, қылмыскерді ұстау кезінде ешкім зардап шекпеді.

Қылмыскер изоляторға қалмады. Оны оқиға орнынан қарауыл жасақтың көмегімен алып кеттік. Өзім кіріп, сөйлестім. Ол мен туралы деректерді тексерді... Медицина қызметкерлері оларды (ред. - банк қызметкерлерін) тексереді, себебі көз жасаурататын газ қолдандық. Қазір тексеріліп жатыр. Ешкім жарақаттанбады. Бұны мен өз жауапкершілігіме алып, мәлімдеп отырмын, - деді министр журналистерге.

Айта кетсек, Kaspi bank бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адамның есікті құлыптап, адамдарды кепілдікке алды. Ол полицейлерге өз талабын айтты. Кейіннен банкте адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің аты-жөні анықталды. Бұған дейін Kaspi bank бөлімшедегі оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындардан құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеуді сұрады. Сонымен қоса, ІІМ кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлім етті. Кейіннен полиция ғимаратқа басып кіріп, қылмыскерді ауыздықтады. Оның ұсталған сәті де жарияланды. 

Белгілі болғандай, қылмыскермен келіссөзді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізген екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы