"Мен сіз үшін жұмыста қалдым, сіз мен үшін үйде болыңыз!"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланды. 

Осы ретте қазақстандық дәрігерлер азаматтарды үйден шықпауға шақырды. 

 

Сондай-ақ дәрігерлер әлеуметтік желіде "Мен сіз үшін жұмыста қалдым, сіз мен үшін үйде болыңыз! деген челлендж бастады. 


Олар жұмыс орындарынан түскен суретті, видеоны #bizbirgemiz хэштегімен Instagram, Facebook әлеуметтік желіде таратып жатыр.

 

Челленджді Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-ті де жалғастырды.

 

Сонымен қатар, күн сайын еліміздің әншілері де қазақстандықтарды қолдап, сабыр сақтауға шақырған видеолары денсаулық сақтау министрлігің әлеуметтік желілерінде жариялануда. 

 




Естеріңізге сала кетейік, ДСМ-нің таратқан ақпараты бойынша елімізде  коронавирус жұқтырғандары саны 44 адамға жетті. Олардың 19-ы Алматыда болса, 25-і Нұр-Сұлтанда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы