23 Тамыз 2026, 12:13 Фото: видеодан алынған кадр

«Мен Қазақстан жастарына тәнтімін» – ТМД МПА-ның халықаралық байқаушысы сайлау барысы туралы

ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан келген халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру барысы туралы алғашқы пікірлерімен бөлісті. Олар сайлау процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, жастардың белсенділігіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Беларусь Ұлттық жиналысы Республикасы Кеңесі төрағасының орынбасары, байқаушылар тобының үйлестірушісі Игорь Брилевич сайлауға дайындық жұмыстары ауқымды деңгейде жүргізілгенін айтты.

Адамдар өз елінің тағдыры үшін маңызды таңдау жасап, өз мүдделерін қорғайтын Құрылтай мүшелерін сайлап жатқанын түсінеді. Біз Қазақстанда бірнеше күн бойы жұмыс істеп, Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен, Сыртқы істер министрлігімен, сондай-ақ барлық саяси партиялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткіздік. Сайлауға дайындықтың барлық кезеңінде өте ауқымды, тіпті мұқият әрі тиянақты жұмыс жүргізілгенін атап өтеміз. Жеке өз басымызда Қазақстан халқының бүгін дұрыс таңдау жасайтынына ешқандай күмән жоқ, – деді Игорь Брилевич СЦК-да өткен брифингте. Брифинг жалпыұлттық онлайн-марафон аясында ұйымдастырылды.

Осындай бағаны ТМД МПА Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары – ТМД МПА-ға қатысушы мемлекеттердегі демократияның, парламентаризмнің дамуын және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын мониторингтеу жөніндегі халықаралық институттың директоры Иван Мушкет те білдірді.

Сонымен қатар ол жас ұрпақтың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөліне ерекше тоқталды.

Мен Қазақстан жастарына тәнтімін, – деді Иван Мушкет.