«Мен қазақпын». Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне арнап ролик әзірледі

Алматы, BAQ.KZ. Алматылық оқушылар әзірлеген бейнеролик әлеуметтік желіде кеңінен тарауда.

Аталған бейне роликті Алматы қаласындағы №90 физика-математикалық лицейдің оқушылары Арина Семенюк, Анна Юденич, Мирас Марат, Абзал Күнғожин, Алевтина Дудкина Тәуелсіздік күніне орай шығарған.

Оқушылар «Мен қазақпын» әнін орындап, елге деген партиоттық сезімдерін білдірген. Бұл әннің авторлары композитор Жарасқан Төлебай, сөзін жазған Нұржан Өмірбаев.

Жас өнерпаздардың құттықтауына сүйсінген әлеуметтік желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, оларға қолдау көрсетіп жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы