Мен де сіздер сияқты ашулымын - Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы "қара қарға" қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртаудағы қара қар күн тәртібінен түспеуде. Бұл мәселені қала әкімінің есеп беру кездесуінде тұрғындар бірнеше рет көтерді.

Есеп беруге қатысқан аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек экологиялық жағдайды жақсарту туралы өз ұстанымын айтты.

Мен әрдайым жағдайды қадағалап, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды бақылап отырамын. Және де бұл мәселені шешуде мен табандылы танытпақпын. Меніңше Теміртау экологиясына байланысты мәселелердің басым бөлігін біз "АрселорМиттал Теміртау" жоспарында көзделіп отырғандай 2024 жылға дейін созбай, ертерек шеше аламыз деп ойлаймын. Бүгін, есеп беру кездесуінің алдында, мен қаланы арнайы аралап шықтым, өз көзіммен ластанған қарды көрдім. Әрине, мен де сіздер сияқты оған ашулымын, - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол қала тұрғындарына "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 2024-2025 жылға дейінгі экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жоспары бар екенін еске салды. Алайда, аймақ басшысының пікірінше, бұл шаралар жеткіліксіз. Ал Теміртаудағы ластанудың 80%-ы металлургия комбинатынан шығады, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Қазір облыс билігі, компания әкімшілігі мен ел Үкіметі комбинатты табиғи газға көшіру мүмкіндігін талқылауда. Бұл Теміртаудың экологиялық проблемасын түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы