"Мен ант етемін". Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты

Экс-министр Қуандық Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Видеоларды өшіруді тапсырдым. Шынында да, мұның бәрі - болған жайттар. Тергеудің басынан бастап мұның бәрі қашан, кім арқылы жасалғанын айттым. Бірақ осы жерде маңызды бір сұрақ бар: сол кезде ауыр қылмыс жасалғанын, бұл Салтанаттың өмірден өтуіне себеп болғанын білдім бе? Мен ант етемін – білмедім. Егер білгенде осы әрекеттердің бірде-бірін жасамас едім, - деді Байжанов.

Байжанов қылмыстың бетін жасыру екенін білмегенін айтады.

Егер мен шынында да, ауыр қылмысты саналы түрде жасыруға шешім қабылдасам, мен өзімді қорғамас едім, өз-өзімді кешірмес едім. Үкім шығармас бұрын “мен мұның бәрін алдын ала білдім бе?” деген сұраққа жауап іздеп көруді өтінемін. Өйткені тергеушілер де, прокурорлар да бұл сұраққа жауап бермеді. Үміт тек сіздерде (алқабилерге қарата). Салтанаттың туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын. Жатқан жері жайлы болсын, – деп аяқтады  сөзін Байжанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы