Келер жылдан бастап барлық ҮЕҰ үшін жұмыс жақсарады – белсенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Азаматтық сараптама" онлайн платформасы аясында өткен брифингте "ГрИн" Қостанай облыстық азаматтар альянсы" қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаева айтты.
Гранттармен біз басынан бастап жұмыс істеп келеміз. Проблема болды, қазір де бар. Әр жылы әр түрлі мәселе көтеріледі. Жыл сайын өзгеріп тұратын есептілікке қатысты мәселе өте көп болды. Біз гранттармен мүлдем жұмыс істемейміз деп те ойладық. Алайда, біз, яғни ҮЕҰ үшін бұл материалдық-техникалық базаны нығайтатын бірден-бір жол болып отыр. Мемлекеттік тапсырыстың қаржысына біз флешка да сатып ала алмаймыз. Ал жергілікті жерлерде азаматтық ресурстық орталық болып жұмыс істегендіктен қамтамасыз ету міндетіміз, - деді ол.
Өтебаева айтып өткендей, көп мәселе талқыланған.
Келер жылдан бастап барлық ҮЕҰ үшін жұмыс жақсарады деп ойлаймын. Қазір біз гранттық байқауларға қатысқысы келетін көп ұйымға кеңес береміз. Сарапшылардың ашық жұмыс істемеуі бізге қатемен жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отыр. ҮЕҰ барлық талапты орындаған күннің өзінде грант ұтып алмайтынын түсіне алмаймыз. Тіпті кейбір өңірде грантты ұтып алғаннан кейін үйлестірушіні іздейтін кездер болады. Үйлестіруші алдында болмаса, грант қалай алынды деген сұрақтар туындайды, - деді ол.
Төрайым айтқандай, сарапшылар қоғамын міндетті түрде нығайту керек.
Сарапшылар ақша алып, өздерінің бағасы үшін жеке жауапкершілік алулары керек. Сол кезде олар ашықтықтан қорықпайды. Біз де бұл тұрғыдан адал еңбек етіп жатырмыз. Барлық ҮЕҰ адал жұмыс істегенін қалаймыз. Бүкіл кезеңде ашықтық болса, біз дұрыс жұмыс жүйесін құра аламыз деп ойлаймын, - деді ол.Айта кетейік, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" ҚЕАҚ басқарма төрағасы Батима Мукина "Азаматтық сараптама" онлайн платформасы аясында өткен брифингте әлеуметтік жобаларды бағалайтын мамандандырылған сарапшылар институтын құруды ұсынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы