Мемқызметшілерге жұмыстан тыс уақытта қосымша табыс табуына рұқсат беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы жылы заңнамаға мемлекеттік қызметшіге жұмыстан тыс уақытта қосымша табыс табуға рұқсат беретін норма енгізіледі.

Бұл туралы орталық коммуникацяилар алаңындағы брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова мәлім етті.

Бүгінгі күні ондай норма жоқ. Болашақта заңға кігізу үшін ойластырып жатырмыз. Егер қызметкер жұмыстан бос болса қосымша табыс табуға болатындай етіп қарастырып жатырмыз. Дәл қазір заңнамада жоқ. Алайда, бұл мәселені қарастырып жатырмыз, - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

Сондай-ақ Жаилғанованың айтуынша, ол жұмыс кәсіп болмауы тиіс.

Мәселен, жұмыстан бос уақытта таксист болып жұмыс істеуге болады. Отбасын асырау үшін қаражат керек болған жағдайда қосымша ретінде істейді. Қазір заңнамаға өзгеріс енгізіп жатырмыз. Бірақ заңнамаға әлі қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды, - деді агенттік төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы