Меморган журналист сауалына қанша уақытта жауап беруге тиіс

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Масс-медиа туралы» заң жобасындағы жаңашылдық туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Масс-медиа туралы заңда мемлекеттік органдардың ресми хатқа жауабы 7 күннен 5 күнге қысқарту туралы жазылған норма бар. 5 күн жаңалық қызметкері үшін тым ұзақ уақыт, тағы қарау жоспарларыңызда бар ма? - деп сұрады журналистер министрден.

Егер сұрақ бір күндік немесе бір сағат ішінде жауап беру керек сұрақ болса, біз көп ұстап отырмаймыз. Әрине жедел түрде жауап береміз. Бірақ кей сұрақтар жан-жақты қаралып, статистикасын анықтау үшін көп уақытты талап етеді. Сол себепті осы тұғыда 5 күн деп белгіледік. Бұл бес күн бойы ұстап отыру деген сөз емес. Мемлекеттік органдар да сол сұрақтарға тез жауап беруге мүдделі, өйткені жауап алынбаса, сын болады, - деп түсіндірді Балаева.

Ақпарат министрі 5 күн бойы сылтауратып жауапты созып жүретін қызметкерлеге қатысты пікір білдірді.

Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның аясында арнайы комиссия бар. Яғни шағым мен өтініштер болса немесе органдар журналистердің жұмыстарына кедергі келтірсе, онда комиссияға жүгінсеңіздер болады. Тоқсан сайын жиналыс өткізіп, әр мемлекеттік органның жұмысын саралап отырамыз. 2020 жылы сол заңға өзгеріс енгіздік. Онда әр мемлекеттік органда ақпарат саласына жауапты мемлекеттік қызметкер не болмаса бөлім ашылуы керек, - деп түсіндірді Аида Балаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы