Мемлекеттің азаматтық авиация нарығына қатысуы төмендетілуі мүмкін
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, азаматтық авиация нарығында жоғары шоғырлану деңгейі жоғары.
Мәселен, Air Astana компаниясына мемлекеттің қатысу деңгейі 76 пайызға тең. Шектеулі мерзім мен ашық аспанды реттеуші режимге қатысты ақпараттың жоқтығы, авиаотын реттеуіштері арасындағы бәсекелес ортаның болмауы, бағаның жоғарылығы, отын көлемінің жеткіліксіздігі мен әуежай эксплуатанттары тарапынан шектеу бар, - деп атап агенттік төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар ол авиация нарығындағы бұл мәселелерді шешудің жолдарын айтты.
Мемлекеттің бұл нарыққа қатысу деңгейін әуе компаниясы активтерін жекешелендіру жолымен төмендету қажет. Сондай-ақ нарықтағы шоғырлану деңгейін қысқарту мен бәсекелестікті күшейту үшін жетекші әуе компаниясын белгілеген жөн. Ашық аспан режимін 2028 жылға дейінгі мерзімге ұлғайтсақ, авиаотын мен әуежайларды реттеуіштер арасында бәсекелестік орта дамып, шетелдік тасымалдаушыларды тартуға болады, - деді ол.