Мемлекеттілік, тұтастық біз үшін қасиетті ұғым – Бауыржан Серікбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент халықты сайлауға қатысуға, өз әкімдерімізді таңдауға шақырды. Орта Азияда тұңғыш рет іске асқалы отырған реформаны тікелей өз бастамасымен қолға алып, тиісті заңдарға өзгерістер енгізіп, жергілікті жердегі өзін-өзі басқару институтын дамытуға бағытталған президент тапсырмасы үтір, нүктесіне дейін сауатты, өркениетті жолмен орындалуы тиіс. Президент айтқандай мықты мемлекет үшін мықты аймақтар болуы керек, деп жазды Facebook-тегі парақшасында саясаттанушы Бауыржан Серікбаев.
Еліміз үшін осы маңызды шарада аймақтардағы ахуалды көзбен көріп, бақылау мақсатымен Өзбекстанмен шекаралас жатқан Қазақстан ауылдарында боламын. Біз қай заманда да аталы сөзге тоқтаған, әр нәрсенің парқына бара білген, елдікті бірінші орынға қойған халықпыз. Бұл жолы да сыннан сүрінбей өтеміз деп сенемін.
Қандай жағдай болмасын елдік, мемлекеттілік, тұтастық біз үшін қасиетті ұғым. Ел болып саяси мәдениет пен татулықтың, тұтастықтың үлгісін көрсетеміз деген ойдамын.
Ертеңгі өтетін сайлауда бәрі сәтімен болсын! Сайлауға барып, өз таңдауларыңызды білдіріңіздер. Сайлау процесі президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның жеке бақылауында, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы