Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің саны 25% қысқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан конференцияда мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру үшін атқарылатын шаралар туралы баяндады.

Мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға беру көзделеді. Биыл функцияларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі базалық тәсілдер айқындалған заң қабылданды. Бюджеттік және стратегиялық жоспарлауды жетілдіру және бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен қайтарымын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді министр. 
ҰЭМ басшысы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдаланғаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшыларының оларға бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған кездегі жауапкершілігі арттырылғанын атап өтті. Оның сөзінше шағын және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 2020 жылдан 2023 жылға дейін 25%-ға кезең-кезеңмен қысқарту жоспарланып отыр.
Биыл жаңа квазимемлекеттік компанияларды құруға мораторий енгізілді. Бұл шаралар жеке секторды дамытуға және бәсекелестікті дамытуға кезекті серпін береді, - деді ведомство басшысы.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы