Мемлекеттік қызметтің 42%-ы Egov порталы арқылы көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше жылдан бері Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметтері Open space форматында көрсетіліп келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2020 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіш бойынша Қазақстан астанасында 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 12 мыңы немесе 42%-ы электронды үкімет порталы және ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылды. Егер электронды форматта көрсетілген қызмет көлемін өткен жылдың кезеңімен салыстырса, 10%-ға көбейгені байқалады. 

Аталған көрсеткіштің жақсаруына халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін ұйымдастырылған тегін оқу курстары септігін тигізді. Төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтанда 5 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. 

Сондай-ақ "Цифрлық мемлекетке өту" бағыты бойынша елорда тұрғындары үшін Smart Astana мобильді қосымшасында Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы және "Жанұя" отбасын қолдау институтына кезекті брондау қызметі әзірленіп, іске қосылды. 
 

Біз әлеуметтік қорғау саласындағы барлық мемлекеттік қызметтерді жетілдіріп, жаңартып, қағаз құжаттарды жинап кезекте тұрмас үшін ыңғайлы етудеміз. Автоматтандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні көрсетілетін 18 мемлекеттік қызметтің 6-ы автоматтандырылды. Жақын арада мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі мен процесстерін толығымен оңтайландыру мәселесі қаралып жатыр, – деді Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы