Мемлекеттік қызметшілерге смартфон қолдануға рұқсат беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақын уақытта мемлекеттік қызметшілерге жұмыс орнында смартфон қолдануына рұқсат берілмек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттардың иелері полициямен бірге сәйкес нұсқаулықтарға қол қоюы тиіс. Содан кейін мемлекеттік қызметшілер смартфон қолдана алады. Бұл ғимарат иелері мен мемлекеттік орган басшыларына тікелей байланысты болып отыр. Нұсқаулыққа қол қоюға кедергі болған барлық мәселелерді біз бүгін үкіметтің қаулысына қол қою арқылы алып тастадық. Ғимарат иелері мен полиция жақын уақытта нұсқаулыққа қол қойған соң мемлекеттік қызметшілер жұмыс орнында смартфон пайдалана береді, - деді министр Үкімет кулуарында.
Жұмағалиев ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бойынша жауапкершілікті мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдардың басшылары толық мойнына алатынын айтты.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекеттік органдар бір айдың ішінде немесе жыл соңына дейін нұсқаулық бойынша ортақ келісімге келуі тиіс екенін айтты.
Осыған дейін мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін екені айтылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда рұқсатсыз жүрген шетелдіктер анықталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы