Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық қабылдауға тыйым салатын заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс жоғары палата - Сенат депутаттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі түзетулерімен келісті.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын Парламент Мәжілісі 2020 жылғы 3 маусымда мақұлдаған. Сенат енгізген өзгерістер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді және мазмұнын нашарлатпайды. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен түзетулерді алып тастау – осы кодекске жеке заңмен ғана өзгерістер немесе толықтырулар енгізуді талап ететін норманың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуіне байланысты. Бас комитеттің отырысында келіп түскен өзгерістер жан-жақты қаралды. Осыған орай Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады, - деді депутат Жанат Жарасов.
Заң жобасын Сенат 10 қыркүйектегі бірінші оқылымда мақұлдаған. Алайда екінші оқылымнан заң жобасы Мәжіліске қайтарылды. Жалпы, заң 4 кодекске және 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырады.
Заң жобасының негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі түрде алдын алу жөніндегі қосымша шараларды енгізу.
Атап айтқанда:
- мемлекеттік қызметшіге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым белгіленеді;
- өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым енгізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы