Мемлекеттік туды қап орнына пайдаланғандар елдің ашуына тиді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде қап ретінде мемлекеттік туды пайдаланғандардың видеосы қазақстандықтардың шамына тиді.

Әлеуметтік желіде таралған видеода белгісіз біреулердің мемлекеттік туды қап ретінде пайдаланғаны анық көрінеді.

Видео авторының мәліметінше, оқиға Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде болған. Сенбілікке қатысушылар қап таба алмағандықтан, оның орнына мемлекеттік туды пайдаланған көрінеді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы